378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Уимбилдонда төрт теннисшіміз ел намысын қорғайды

  • 247
  • UPD: 10:41, 22.05.2019
Уимбилдонда төрт теннисшіміз ел намысын қорғайды

Теннис жарыстарының ең беделдісі Уимбилдон жарысына қатысатын отандық споршылардың тізімі белгілі болды.

«Үлкен дулыға» турнирі 2019 жылдың 1-14 шілде күндері өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасындағы сында екі теннисші Юлия Путинцева мен Зарина Дияс қатысады. Жарыстың жеңіп алу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жалпы 104 теннисші қыздар бақ сынасады.

Ерлер арасындағы бәсекеде Михаил Кукушкин мен Александр Бублик сынға түседі. Былтыр Бублик турнирдің бірінші айналымынан қайтқан еді. Ал, Михаил жарыстың екінші кезеңінде әйгілі Рафаэль Надальға жол берген болатын.

Айта кетейік, Уимблдон турнирінің жүлде қоры әйелдер арасында да, ерлер арасында да 41 млн АҚШ долларынан асады. Сондықтан теннисшілер сәтті ойнаса, рейтингте жоғарылап қана қоймай, тым-тәуір табыс та табады.

Хабар 24 телеарнасы