383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токио-2020: арнайы такси Олимпиада ойындарының ең қымбат символына айналды

  • 110
  • UPD: 15:35, 22.05.2019
Токио-2020: арнайы такси Олимпиада ойындарының ең қымбат символына айналды

2020 жылғы Олимпиада қарсаңында жапондық «Тойота» арнайы такси көлігін өндірді.

Ол әу бастан Олимпиада ойындарының ең қымбат символына айналып үлгерген. Себебі, қара түсті такси қапсағай денелі туристер мен олардың жүгін сыйдыратындай етіп жасалған. Оған қоса мүмкіндігі шектеулі меймандар да көлік қызметіне жүгіне алады. Өйткені көлік тасымалы үшін тиісті жағдайдың барлығы жасалған. Атап айтқанда, машинада арнайы пандус, қыздыратын орындықтар, жол қауіпсіздігінің датчиктері, тіпті ауру вирусын өлтіретін ауа салқындатқышы орнатылған. Алайда газ және бензинмен жүретін гибридті такси өндірісіне қомақты қаржы жұмсалған. Бір көліктің құны 32 мың 191 АҚШ долларын құрайды.

Хабар 24 телеарнасы