379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті Ақтөбедегі «Жекпе-жек» сарайына барды

  • 290
  • UPD: 16:58, 22.05.2019
Қазақстан Президенті Ақтөбедегі «Жекпе-жек» сарайына барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Жекпе-жек» сарайына барды.

Мемлекет басшысы гимнастикаға және басқа да жаттығуларға арналған залдарды аралап көрді. Бұл кешенде бокс, күрес, дзюдо және өзге де спорттың жекпе-жек түрлерінен халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақша күрестен жастар арасында өтіп жатқан өңірлік командалық турнирге қатысушылардың белдесулерін тамашалады.

Қазақстан Президенті танымал спортшылармен әңгімелесіп, оларға жетістіктері үшін ризашылық білдірді. Мемлекеттің әрдайым спортқа жан-жақты қолдауы көрсететінін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы