384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2022 жылғы әлем чемпионатына отыз екі құрама қатысады

  • 469
  • UPD: 11:00, 23.05.2019
2022 жылғы әлем чемпионатына отыз екі құрама қатысады

Халықаралық футбол федерациясы 2022 жылғы әлем чемпионатына 32 құрама қатысатынын мәлімдеді.

Бұған дейін ФИФА президенті Джанни Инфантино Катардағы доп додасына 48 команда келуі мүмкін екенін хабарлаған еді. Осыған байланысты кейбір матчтарды Кувейт пен Оман елінде өткізу жоспарда болды. Бірақ қысқа уақытта Катарда үлкен өзгеріс жасау мүмкін емес - дейді мамандар. Сонымен қатар, Оман турнирді қабылдаудан бас тартты. Катар араб түбегіндегі мемлекеттер арасынан тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатын ұйымдастырады. Дүниежүзілік доп додасы алғаш рет қараша-желтоқсан айларында өтеді. Ал 2026 жылдан бастап, әлем біріншілігіне 48 құрама қатысады. 

Халықаралық олимпиада комитеті АИБА-ның мүшелігін тоқтатты. Әуесқой боксқа жауапты ұйымның тағдыры 24-26 маусымда Лозанна қаласында өтетін сессияда шешіледі. Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах мәлімдеді. Бокс 2020 жылғы Токио олимпиадасының бағдарламасында қала береді. Алайда кешенді сынға іріктеу турнирлері мен олимпиада кезіндегі жарыстарды арнайы құрылған топ ұйымдастырады. Мұндай қатаң шешім әуесқой бокс федерациясындағы қаржылық келеңсіздікке байланысты шығып отыр. Сонымен қатар, төрешілер арасындағы әділетсіздік те бокстың тағдырына әсер етті.

Томас Бах, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті:

- Атқарушы комитет 2020 жылғы Токио олимпиадасының бағдарламасында бокс турнирін қалдырды. Бірақ АИБА-ны ұйым қатарындағы мүшеліктен шығару туралы ұсыныс түсті. Біз спортшылардың арманына қол сұқпаймыз. Олардың олимпиада ойындарына қатысқанын қалаймыз. Халықаралық әуесқой бокс федерациясының мәртебесін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береміз. Алайда бұл ұйымға түбегейлі өзгеріс керек.  

«Джиро Д'Италия» көпкүндігінің 11-кезеңі артта қалды. 221 шақырымға созылған жарыс күні жалпы есепке ешқандай өзгеріс енгізген жоқ. Жазық жолдағы сайыста Австралиялық Калеб Юэн озды. Кешегі кезеңнің жеңімпазы Арно Демар екінші болып мәреге жетті. «Астана» командасы сапынан Мануэло Боаро елу бірінші болып жарысты аяқтады. Қазақстандық клубтың капитаны Мигель Анхель Лопес те негізгі топпен бірге келді. Жалпы есепте Италиялық Валерио Конти топ бастауда. «Астаналық» Пельо Бильбао үздіктің ондықтың қатарында тұр. Бүгін велоспортшылар тау жолдарынан тұратын 158 шақырымдық кезеңде жарысқа шығады.

Хабар 24 телеарнасы