389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WBC чемпионы: Қазақстанда жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын

  • 364
  • UPD: 16:23, 23.05.2019
WBC чемпионы: Қазақстанда жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын

Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Нордин Убаали (15-0, 11 КО) алдағы жекпе-жегі туралы әсерімен бөлісті.

- Өзімді жақсы сезінемін. Келесі жекпе-жегіме дайындығым керемет. Қазақстанда, Нұр-Сұлтанда жұдырықтасамын. Өзге елде жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын. Францияда, АҚШ-та жекпе-жек өткізгенмін. Енді мен Қазақстанда шаршы алаңға шығамын. 

Мақсатым – белбеулерді біріктіру. Наоя Иноуэмен қолғап түйістіруге қарсы емеспін. 6 шілді күні болатын жекпе-жегімдегі қарсыласымды білмеймін. Мексика, Филиппин, Англиядан ұсыныстар түсті, – деді Убаали IFL.TV арнасына.

Айта кетейік, 6 маусым күні елорда күніне орай өтетін бокс кешінде қазақстандық Жанқош Тұраров (22-0, 15 КО) пен Виктор Коточиговтің (9-0, 4 КО) жұдырықтасады, деп жазады prosports.kz.

Хабар 24 телеарнасы