378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Марадона миллиондаған қарызы үшін әуежайда тұтқындалды

  • 186
  • UPD: 21:27, 23.05.2019
Марадона миллиондаған қарызы үшін әуежайда тұтқындалды Futbik.com

Аргентиналық футболдың аңызы Диего Марадонаны полиция қызметкерлері Буэнос-Айрес әуежайында тұтқындады, деп хабарлайды The Sun.

Оған Марадонаның бұрынғы сүйіктісі жазған арыз себеп болды. Росио Олива мен Марадона 6 жыл кездескен. Жұп былтыр желтоқсанда ажырасқан еді.

Енді Олива 58 жастағы экс-футболшыдан 5 миллион фунт стерлинг көлемінде материалдық шығын талап етіп отыр.

Марадона өз еліне Мексикадан келген болатын. Әуежайда құқық қорғаушылар оны тұтқындап, істі сот қарап жатқанын ресми ескертті.

Соттың алғашқы қаралымы 13 маусымға жоспарланған, деп жазады kaz.vesti.kz.

Хабар 24 телеарнасы