383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жеңіл атлетикадан ел спартакиадасы басталады

  • 170
  • UPD: 10:26, 24.05.2019
Алматыда жеңіл атлетикадан ел спартакиадасы басталады olympic.kz

Бүгін Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстанның V жазғы Спартакиадасы басталады деп хабарлайды Olympic.kz.

26 мамырға дейін жалғасатын елішілік турнирге 15 команда қатысады.

Атап айтар болсақ, ШҚО, СҚО, БҚО, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Атырау, Ақмола облыстары мен Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан келген атлеттер бақ сынайды.

Турнирге жалпы есебі 255 спортшы қатысады деп күтілуде. Оның ішінде 152 ер адам мен 103 әйел адам

Хабар 24 телеарнасы