383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Юлия Путинцева Германиядағы WTA турнирінің жартылай финалына өтті

  • 151
  • UPD: 11:15, 24.05.2019
Юлия Путинцева Германиядағы WTA турнирінің жартылай финалына өтті olympic.kz

Қазақстандық Юлия Путинцева Германияның Нюрнберг қаласында өтіп жатқан WTA International 250 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ширек финалда біздің спортшы неміс қызы Анна-Лена Фридзаны жеңді. Үш сет қорытындысы бойынша Путинцева қарсыласынан 7:5, 6:7 (5), 7:6 (2) есебімен басым түсті. 

Жартылай финалда Юлия румыниялық Сорана Кырстяға қарсы ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы