383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте стенд атудан үш бірдей сайыс қатар өтуде

  • 172
  • UPD: 15:18, 25.05.2019
Шымкентте стенд атудан үш бірдей сайыс қатар өтуде

Шымкентте құралайды көзге атқан мергендер бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарысқа қатысушылар мұнда үш бірдей түрлі сайыстарда бақ сынауда. Яғни мұнда Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы және Х жазғы Универсиадасы мен Шымкент шаһарының ашық кубогы қатар өтуде. Жарыста Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сонымен қатар Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарынан жалпы 250-ден астам спортшы өнер көрсетуде. Бұл мықтылар бәсекесі 2020 жылы Токиода өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына сапалы даярлық жасау мақсатында да ұйымдастырылып отыр. Жарыста Олимпиада және Азия ойындары мен чемпионаттарының қатысушылары, әлем бәсекелерінде топ жарғандар да шеберліктерін шыңдайтын болады.

Әлішер Айсалбаев, стенд атудан Универсиада жеңімпазы /Қызылорда/:

- Универсиададан бірінші орын алдым, іріктеуден және спартакиададан үлкендер арасында финалға екінші болып кіріп, екінші орын алдым. Бұдан кейін іріктеу болады. Кім спартакиададан бірінші орын алады, келесі жыл жастар құрамасына кіреді.

Хабар 24 телеарнасы