383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елеусіновтің қарсыласы жекпе-жек күні ауысып отыр

  • 222
  • UPD: 14:56, 25.05.2019
Елеусіновтің қарсыласы жекпе-жек күні ауысып отыр Total.kz

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі жетінші жекпе-жегін чилилік Луис Норамбуэнге (3-1-1, 0 КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді және АҚШ-тың Мэриленд штатына қарасты Оксон-Хиллде өтетін бокс кешінің андеркартына белгіленген. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы WBC International титулының иегері Дэвин Хэйни (21-0, 13 КО) мен мексикалық Антони Моран ( 24-3, 17 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, Елеусіновтің қарсыласы Мигель Замудио болуы тиіс еді, алайда Мэриленд атлетикалық комиссиясы мексикалыққа жұдырықтасуға рұқсат бермеді.

Бұл – 27 жастағы Елеусіновтің АҚШ-тағы төртінші жекпе-жегі. Қазақстандық кәсіпқой рингте 2018 жылдан бері өнер көрсетеді. Осыған дейін ол Ұлыбританияда екі рет, Монакода бір рет кездесу өткізген.

Норамбуэно де 2018 жылдың тамызынан бері кәсіпқой рингте жұдырықтасады.

Елеусінов пен Норамбуэно жекпе-жегі Астана уақытымен мамырдың 25-інен 26-сына қараған түні өтеді.

Хабар 24 телеарнасы