378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның ММА құрамасы әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді

  • 169
  • UPD: 21:29, 25.05.2019
Қазақстанның ММА құрамасы әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді vesti.kz

ММА-ден Қазақстан құрамасы 2019 жылғы Азия чемпионатында жалпы командалық есепте әлемдік рейтингте көш бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жалпы тізімде 58 ел бар. Қазақстаннан кейін Бахрейн, ал үшінші орында Швеция. ТОП-10 тізімде Жаңа Зеландия, Ресей, Австралия, Англия, ОАР, АҚШ және Мексика. Таиландта өткен жарыста Қазақстан құрамасы жеті алтын, тоғыз күміс және бес қола жүлде иеленді. Осылайша, жалпы командалық есепте бірінші болды.  Еске салайық, Қазақстанда ММА-дің біріккен федерациясы 2018 жылы желтоқсанда құрылды. Федерацияға Ғалымжан Есенов жетекшілік етеді, бас директоры Уалихан Тен. Республикалық бірлестік Кәрім Мәсімов басшылық ететін Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының аясында жұмыс атқарады. 

Хабар 24 телеарнасы