378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада бодибилдингтен чемпионат өтуде

  • 203
  • UPD: 21:26, 25.05.2019
Елордада бодибилдингтен чемпионат өтуде

Елордада алғаш рет бодибилдингтен Орталық Азия чемпионатының бірінші турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзбекстан, Қырғызстан,Тәжікстан мен Түрікменстаннан келген атлеттер өзара бақ сынауда. Ересектер мен жасөспірімдер классикалық бодибилдинг, мэнс-физик, бодифитнес түрлері бойынша өнер көрсетеді. Чемпионат IFBB халықаралық бодибилдинг федерациясының ережелері бойынша ұйымдастырылды. Сайысқа Орта Азия елдерінің танымал спортшылары да келді. Жеңімпаздар халықаралық стандартқа сай арнайы титулға ие болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «дене мәдениеті» немесе бодибилдинг спортына қызығушылар қатары көбейіп келеді.

Самат Ерғалиев, спортты дамыту дирекциясының директоры:

– Бұл құрлыққа 6 мемлекет қатысып отыр. 200-ден астам спортшы келді.

Хабар 24 телеарнасы