380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанат Ислам 5 шілдеде шаршы алаңға оралады

  • 187
  • UPD: 21:24, 25.05.2019
Қанат Ислам 5 шілдеде шаршы алаңға оралады Prosports.kz

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіпқой боксқа оралатын уақытын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

34 жастағы боксшы 5 шілдеде Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. 

Ислам шаршы алаңға 2017 жылдың қыркүйек айынан бері шықпады. 

«Қадірлі спорт сүйер жанкүйерлер! Сіздермен сүйіншілі жаңалығымды бөліскелі отырмыз! 5 шілде күні Алматыда кәсіби бокстың нағыз мерекесі өтеді. Балуан шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында қазақстандықтар боксшылардың дүниежүзі елдерінен келген былғары қолғап шеберлерімен өткізетін кәсіби бокс кеші өтеді. Кештің бас жекпе-жегін араға біраз уақыт салып, шаршы алаңға қайта оралған әйгілі Қанат Ислам өткізеді!», - делінген Qazaq Promotions инстаграм-парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы