384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналду соңғы он жылдағы ең нашар маусымын өткізді

  • 211
Роналду соңғы он жылдағы ең нашар маусымын өткізді sport-express.ru

Италияның А сериясында португал жұлдызы 21 гол соқты.

Италия чемпионатының соңғы турына Криштиану Роналдудың қатыспайтыны ресми мәлім болды. Бас бапкер Массимилиано Аллегри 34 жастағы футболшыға демалыс берген. Оның себебі – келесі айда келе жатқан ұлттық құрама матчтары. 

Роналду үшін енді клубтық маусым аяқталды. А Сериясындағы 31 ойында 21 мәрте мергендік танытқан футболшы үшін бұл – соңғы он жыл көлеміндегі ең нашар маусым. Соңғы рет бұдан төмен нәтижені 2008/2009 маусымында «Манчестер Юнайтед» сапында көрсеткен еді. 

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы