Испания кубогының финалында «Барселона» мен «Валенсия» командалары кездесті.
Севилья қаласындағы «Бенито Вильямарин» стадионында өткен финалдық ойында «Валенсия» командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Валенсияның» ойыншылары Кевин Гамейро мен Родригоның соққан қос голына «Барселонадан» тек Месси жауап қатты.
Айта кетейік, «жарқанаттар» осымен 8-мәрте Испания кубогын жеңіп алды. Соңғы рет «Валенсия» бұл трофейді 2008 жылы қанжығасына байлаған.
Испания кубогы. Финал:
«Барселона» – «Валенсия» – 1:2
Голдар: 0:1 – Гамейро – 21, 0:2 – Родриго – 33, 1:2 – Месси – 73.
Ақпарат көзі: prosports.kz