378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» велошабандозы «Джиро д’Италия» кезеңінде топ жарды

  • 368
«Астана» велошабандозы «Джиро д’Италия» кезеңінде топ жарды

Қазақстандық ескек есушілер Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров әлем кубогының қола медалын ұтып алды.

Польшада өткен жарыста жерлестеріміз екі адамдық каноэде көзге түсті. Қазақстандық ескекшілер 200 метр қашықтықта жүлделі болды.

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 12-турында командалар голға сараңдық танытты. «Тобыл» сырт алаңда 1:0 есебімен «Таразды» жеңді. «Астана» «Оқжетпеске» қонаққа барып, ұпай бөлісті. Есеп:1:1. «Жетісу» 1:0 нәтижесімен «Қайсардан» басым түсті. Дәл осындай есеп «Ертіс» «Атырау» арасында тіркелді. «Қайрат» «Шахтердің» осал тұсын тапты. «Ордабасы» «Ақтөбе» қақпасына жауапсыз үш доп соқты. 12-турдан кейін «Астана» 29 ұпаймен топ басында қалды. Екінші орынға 26 ұпаймен «Тобыл» көтерілді. Үздік үштікке «Ордабасы» мен «Қайсар» таласып келеді. Сосын «Қайрат» тұр. «Жетісу» алтыншы орынға жайғасты. «Атырау» мен «Ақтөбе» турнир кестесінің төменгі сатысынан шыға алар емес.

Шымкентте құралайды көзге атқан мергендер бас қосып, үш бірдей сайыста бәсекеге түсті. Спортшылар еліміздің V жазғы спартакиадасы мен Х жазғы универсиаданың және Шымкент шаһарының ашық кубогын сарапқа салды. Жарысқа Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сонымен қатар Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарынан 250-ден аса спортшы келді. Спартакиада ойындарында аралас командалық сайыстың жеңімпаздары анықталды. «Скит» жаттығуында Владислав Мұхамедиев пен Ольга Панарина чемпион атанды. «Трапта» Максим Коломоец пен Айжан Досмағамбетова жеңіске жетті. Айжан жекелей сында да топ жарды.  

«Астаналық» Дарио Катальдо «Джиро д’Италия» кезеңінде топ жарды

«Астана» велошабандозы Дарио Катальдо «Джиро д’Италия» көпкүндігінің 15-кезеңінде топ жарды. Италиялық спортшы 232 шақырымдық жарыс жолын 5 сағат 48 минут 15 секундта жүріп өтті. 34 жастағы велоспортшы спорттық мансабында «Джирода» екінші мәрте кезең жеңімпазы атанды. Катальдоға дейін осы Гранд-турдың жетінші кезеңінде «Астаналық» Пельо Бильбао да топ жарған болатын. Қазақстандық команданың капитаны Мигель Анхель Лопес кешегі жарысты жетінші болып аяқтап, жалпы есептегі 10-орнын сақтап қалды. Колумбиялық велоспортшы топ бастаған Ричард Карапастан 5 минут 55 секунд ұтылып келеді.

Финляндия шайбалы хоккейден әлем чемпионы атанды

Финляндия құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионы атанды. Суоми елінің хоккейшілері финалда Канаданың осал тұсын тапты. Есеп:3:1. Жеңімпаздар сапынан Марко Антила екі мәрте мергендік танытса, бір шайбаны Харри Песонен соқты. Финляндия ширек финалда былтырғы әлем чемпиондары Швециядан айласын асырып, жартылай финалда Ресейді жеңген болатын. Суоми елі араға сегіз жыл салып, элиталық топтың мықтысы атанды. Қола медаль Чехиядан 3:2 есебімен басым түскен Ресейге бұйырды.

Хабар 24 телеарнасы