382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкиннің промоутері «Канелоға» қарсы үшінші жекпе-жек туралы айтты

  • 145
  • UPD: 10:05, 27.05.2019
Головкиннің промоутері «Канелоға» қарсы үшінші жекпе-жек туралы айтты prosports.kz

Промоутер Том Леффлер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (52-1-2, 34 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізу туралы келіссөзді қашан бастайтынын мәлімдеді.

«Геннадий Стив Роллсты жеңгеннен соң Оскар Де ла Хойямен келіссөзді бастаймыз. Жанкүйерлер де, БАҚ та үшінші жекпе-жек күтіп отыр. Орта салмақта әлемнің үздік боксшылары өзара үшінші мәрте қолғап түйістіреді», - деді Леффлер.

Айта кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, екінші кездесуде мексикалық боксшы басым болды.

Ақпарат көзі: Prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы