389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияр Елеусінов: Нокаутқа түсірем деп ойлап едім

  • 299
  • UPD: 10:24, 27.05.2019
Данияр Елеусінов: Нокаутқа түсірем деп ойлап едім sports.kz

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Луис Норамбуэнамен өткен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Данияр жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ол Луис Норамбуэнамен 6 раундты толық өткізіп, жеңімпаз атанды. Алайда жекпе-жектің өз ойындағыдай болмағанын атады.

«Жеңгенім үшін Аллаға шүкір етем, бірақ мен уақытытан бұрын сұлатып, жеңем деп ойлаған ем. Қарсылас маған қолайсыз болып шықты», - дейді Данияр.

Айта кетейік, Луис Норамбуэнаның Даниярға қарағанда бойы, аяқ-қол қысқа спортшы. Сондықтан жекпе-жек кезінде отандасымыз еңкейе, қарсыласын қуып жүре жұдырықтасты.

Хабар 24 телеарнасы