384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барселона» Вальверденің орнын басатын маман тапты

  • 159
«Барселона» Вальверденің орнын басатын маман тапты Football.ua

Каталонияның «Барселона» клубы Эрнесто Вальверденің орнына бапкер қарастырып жатыр.

Diario Sport ақпаратынша, бұл орынға басты үміткер – Бельгия құрамасының бапкері Роберто Мартинес. «Барселона» онымен байланысқа шыққан көрінеді. Каталония тумасы болып келетін 45 жастағы Мартинес бельгиялықтарды 2018 жылғы әлем чемпионатында үшінші орынға жеткізген, деп жазады kaz.vesti.kz.

Алдағы күндері «Барселона» басшылығы Вальвердемен кездесіп, болашақ жоспарларын талқыламақ. Менеджерлер бапкердің позициясын түсінгісі келеді: ол жұмысын клубта жалғастырғысы келе ме, жоқ па.

Егер басшылық Вальвердені қызметінен босатса, клуб мәселені даусыз шешіп, келісімшартты екіжақты үзгісі келеді. «Барселонаға» бапкердің кері имиджі ұнамайды. 

Ал Мартинес ұсынысты қабыл алуға дайын. Дегенмен оның Бельгия құрамасымен келісімшарты 2020 жылдың жазында аяқталады.

Мұның алдында 55 жастағы Вальверде «Барселонаны» жаттықтыра беретіні хабарланған, алайда Испания кубогының финалындағы жеңілістен кейін жағдай өзгерді. 

Вальверде «Барселонаны» 2017 жылдан бері жаттықтырып келеді. Осы уақыттан бері каталондықтар төрт ұлттық трофей иеленді – Испания чемпионатын екі рет, ел Кубогы мен Суперкубогын бір реттен.

Хабар 24 телеарнасы