384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккей: Қазақстан Швейцарияда өтетін әлем чемпионатының элиталы дивизионында бақ сынайды

  • 148
Хоккей: Қазақстан Швейцарияда өтетін әлем чемпионатының элиталы дивизионында бақ сынайды

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2020 жылы Швейцарияда өтетін әлем чемпионатының элиталы дивизионында бақ сынайды, деп жазады Prosports.kz.

Әлем чемпионаты 2020 жылдың 8-24 мамыр күндері Швейцарияның Цюрих және Лозанна қалаларында өткізіледі.

Қазақстан В тобында сынға түседі. Біздің құраманың қарсыластары – Ресей, Финляндия, АҚШ, Швейцария, Латвия, Норвегия, Италия. В тобындағы командалардың матчы Цюрих қаласында өтеді. 

Ал А тобында Канада, Швеция, Чехия, Германия, Словакия, Дания, Беларусь және Ұлыбритания құрамалары өнер көрсетеді. Бұл топтың ойындары Лозанна қаласында өтпек.

Хабар 24 телеарнасы