387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Финляндия құрамасы әлем чемпионаты кубогін сындырып алды

  • 293
  • UPD: 07:30, 29.05.2019
Финляндия құрамасы әлем чемпионаты кубогін сындырып алды

Финляндия құрамасы хоккейден әлем чемпионатының кубогін бүлдіріп алды.

Фин хоккейшілерінің Хельсинкий әуежайында жеңіп алған кубокпен түскен фотографиясы жарияланған. Суретте трофейдің түбінен, сондай-ақ металдан жасалып, кіріктірілген бөлшегінен айырылғандығы көрініп тұр.

Еске сала кетсек, Финляндия  хоккейден 2019 жылғы әлем чемпионатының Словакияда өткен финалдық матчында Канада командасын  3:1 есебімен жеңген болатын. Ақтық ойын Братиславадағы Ондрей Непелы  аренасында 9085 көрерменнің қатысуымен өтті. Фин құрамасы осымен өз тарихында үшінші рет әлем чемпионатының алтын медалін иеленді (1995, 2011, 2019). Бұған қоса олардың еншісінде  сегіз күміс және үш қола медаль  бар.

Хабар 24 телеарнасы