388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Неймар «Реалдан» аптасына миллион еуро төлеуді талап етті

  • 413
  • UPD: 09:14, 29.05.2019
Неймар «Реалдан» аптасына миллион еуро төлеуді талап етті AFP28

Францияның «Пари Сен-Жерменінде» жүрген Неймар «Реалға» қандай жағдайда ауысатынын айтты.

Бұл туралы AS.com-ға сілтеме берген vesti.kz жазады.

Дереккөздің ақпаратынша, бразилиялық футболшы «корольдік клубтан» аптасына 1,3 миллион еуро айлық талап етті. Ал ПСЖ-да 27 жастағы шабуылшы аптасына шамамен 700 мың евро алып отыр.

«Реал» болса, Неймардың сұрағанын беру үшін Гарет Бэйлден құтылмақ», деген ақпарат жүр.

Неймар 2013-2017 жылдары «Реалдың» басты қарсыласы «Барселона» сапында ойнаған. Ойыншы каталониялық клубтан «ПСЖ»-ға рекордтық 222 миллион еуроға ауысқан.

Неймар «ПСЖ» сапында 28 матч өткізіп, 23 доп соқты, 13 нәтижелі пас берді.

Хабар 24 телеарнасы