384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин: Санчестің біз қоштасқаннан кейінгі реакциясы таңғалдырды

  • 278
  • UPD: 11:45, 29.05.2019
Головкин: Санчестің біз қоштасқаннан кейінгі реакциясы таңғалдырды

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчестің ынтымақтастықты тоқтату туралы шешімінен кейінгі реакциясы тосын жайт болғанын айтты, деп хабарлайды Қазақпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Геннадий Абельден кеткеннен кейін оны жақсылықты білмейтін сараң деп атап, бірнеше эмоционалды сұхбат берген. Головкиннің жаңа бапкері - Джонатон Бэнкс

- Геннадий, сен әлі Абель Санчесті досым деп есептейсің бе?

- Иә, менің тарапымнан ешқандай мәселе жоқ. Ал, оның неге осылай жауап қатқанын білмеймін. Оның реакциясы маған тосын жайт болды, таңғалдым. Себебі, оның алдында екеуміз сөйлестік, ол барлығын түсінді. Мен де оның ұстанымын түсіндім. Оның осының бәрін айтқанын түсінбеймін.

- Сен оны өз айқасыңа шақырасың ба?

- Білмеймін, - деп жауап берді GGG Villainfy Media-ға берген сұхбатында.

Хабар 24 телеарнасы