378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бакуде Еуропа лигасының жеңімпазы анықталады

  • 137
  • UPD: 12:53, 29.05.2019
Бакуде Еуропа лигасының жеңімпазы анықталады

Баку қаласында Еуропа лигасының жеңімпазы анықталады. Әзербайжан астанасындағы олимпиадалық стадионда Лондонның қос мықтысы «Челси» мен «Арсенал» алаңға шығады.

Биыл ағылшын командалары еурокубок додаларын өзара сарапқа салатыны белгілі. Құрлықтағы екінші дәрежелі турнир елорда уақытымен түнгі бірде басталады. «Арсенал» премьер-лигада үздік төрттіктің қатарына кіре алмады. Сондықтан Унаи Эмери шәкірттеріне келер жылғы чемпиондар лигасына жолдама алу үшін Еуропа лигасында топ жару керек. «Челси» де жеңіске ұмтылады. Маурицио Сарри жігіттері жылды жақсы көңіл-күймен аяқтауды көздейі. Италиялық жаттықтырушы биылғы маусымға риза екенін айтады. «Челси» сапында жарақатына байланысты Антонио Рюдигер мен Рубен Лофтус Чик алаңға шықпайды. Нголо Кантенің жағдайы белгісіз. «Арсенал» Эктор Бельерин, Аарон Рэмси және Генрих Мхитариянға сенім арта алмайды.      

Маурицио Сарри, «Челси» ФК Бас бапкері:

- «Арсеналмен» бұған дейінгі матчтарда ашық футбол ойнап келдік. Қарсылас команда сапында екі мықты шабуылшы Ляказетт пен Обамеянг бар. Олар алғы шепте жақсы ойнайды. Біз биылғы маусымда қандай да бір жүлде ұтып алуды көздейміз. Финал біз үшін сонысымен маңызды. "Челси" биылғы маусымда кубок иегері атануға лайықты еңбек етті.

«Ролан Гаррос» турнирінде екінші айналым ойындары өтеді. Әйелдер арасындағы жарыста Қазақстандық теннисшілер арасынан тек Зарина Диас екінші кезеңге шықты. Ол бүгін ресейлік Вероника Кудерметовамен кездеседі. "Ролан Гарростың" былтырғы жеңімпазы Симона Халеп екінші кезеңге өтті. Румыниялық теннисші алғашқы айналымда Айла Томляновичпен ойнады. Австралиялық спортшы чемпионға лайықты қарсылық көрсетті. Үш партияға созылған матчта Халеп 6:2, 3:6, 6:1 есебімен басым түсті.

Хабар 24 телеарнасы