378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин DAZN-мен келісімшарттан қанша табыс көретінін айтты

  • 136
  • UPD: 17:28, 29.05.2019
Головкин DAZN-мен келісімшарттан қанша табыс көретінін айтты © DAZN

GGG рингке 8 маусымда шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша қанша табыс көретінін айтты.

Тараптар келісімшартқа отырғаны туралы 8 наурызда ресми жариялады. Келісім шарттарына сай Головкин үш жылда алты жекпе-жек өткізуі тиіс. Yahoo! Sports мәліметінше, келісімшарт арқылы қазақстандық 100 миллион табыс көреді.

Головкин бұл келісім бойынша бірінші жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы - Стив Роллс (19-0, 10 КО).

- Бұл DAZN-мен келісім бойынша алғашқы жекпе-жегің, саған 100 миллион доллар табыс беріп отыр...

- Көбірек.

- Көбірек? Енді сен байсың.

- Мен емес, адамдар. Барлығы 100 миллион деп жазып жүр. Қойыңдар, жігіттер. Ондай ақша емес (күледі).

- Бірақ ақша көп?

- Иә, көп. Алайда санын атамаймын (күледі).

- Енді өзіңе жаңа «ойыншықтар» аласың ба?

- Шынын айтсам, маған ондайдың керегі жоқ. Бақытты отбасым бар, сол менің ең үлкен сыйым.

Айта кетейік, Головкинді рингке оралуға Джонатан Бэнкс дайындап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы