389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанқош Тұраровтың қарсыласы анықталды

  • 333
Жанқош Тұраровтың қарсыласы анықталды

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (22-0, 15КО) 1 маусым күні Кардифф қаласында кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Vale Sports аренасында өтетін бокс кешінде 28 жастағы Тұраров ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен (29-3-1, 23 КО) жұдырықтасатын болды.

Бұдан бөлек, Жанқош 6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында да жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Тұраров соңғы кездесуін 2017 жылдың 9 қыркүйегінде өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен аргентиналық Бруно Леонардо Ромаяны (21-7, 8КО) жеңген болатын.

Хабар 24 телеарнасы