378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роза Абитова Израильдегі халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

  • 163
  • UPD: 10:01, 30.05.2019
Роза Абитова Израильдегі халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

Көркем гимнастикадан Израильдің Холон қаласында өткен халықаралық турнир қазақстандық Роза Абитова үшін сәтті аяқталды.

Ол үздік үштік қатарына енді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Роза 70.25 ұпай жинап, қола медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ, ол ұршық, доп және таспамен жаттығуда үшінші орын алды.

Холондағы турнир ресейлік Дарья Приданникованың жеңісімен аяқталды. Екінші орында - болгариялық Татьяна Воложанина.

Хабар 24 телеарнасы