379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық теннисшілер үшін «Ролан Гаррос» аяқталды

  • 176
  • UPD: 14:50, 31.05.2019
Қазақстандық теннисшілер үшін «Ролан Гаррос» аяқталды BNews.kz

«Джиро д’Италия» көпкүндігі шарықтау шегіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы жексенбіде гранд-тур мәресіне жетеді. Кеше велоспортшылар 222 шақырымдық 18-кезеңде бақ сынады. Бейсенбінің кешіндегі бәсеке жалпы есепке өзгеріс енгізген жоқ. Жеңімпаз спринтерлік сайыста анықталды. «Қызғылт жейдеден» дәмелі мықтылардың бәрі де негізгі топпен бірге келді. Олардың арасында «Астана»капитаны Мигель Анхель Лопес те бар. Колумбиялық велошабандоз кезеңді 32-болып аяқтады. Қазақстандық команда үшін шешуші сын жұма-сенбі күндері өтеді. Тау жолдарынан тұратын осы екі кезеңде «Джиро д’Италия» көпкүндігінің чемпионы мен жүлдегерлері анықталады.

18-кезеңде италиялық Дамиано Кима жеңіске жетті. Жалпы есепте эквадорлық Ричард Карапас топ бастап келеді. Үздік үштіктің қатарында Винченцо Нибали мен Примож Роглич бар. «Астана» капитаны алтыншы орында тұр. Бүгін велоспортшылар 151 шақырымдық 19-кезеңде бақ сынайды.  

Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 13-тур ойындары өтеді. Алаңы жоқ «Атырау» көшпенді команданың кебін киіп жүр. Бұған дейінгі ойындарын елордада өткізген олар «Таразды» Көкшетауда қабылайды. «Ордабасы» Шымкентте «Оқжетпеспен» кездеседі. «Қайсар» «Ертісті» күтеді. Қостанайда «Тобыл» мен «Шахтер» шеберлік байқасады. «Астана» «Жетісумен» алаңға шықса, «Қайрат» Алматыда «Ақтөбемен» ойнайды.

Ертең Чемпиондар лигасының финалы өтеді

Алдағы сенбінің кешінде Чемпиондар лигасының финалы өтеді. Еуропадағы басты турнирдің шешуші кездесуін Мадрид қаласы қабылайды. Қазір Испания астанасына әр тараптан жанкүйерлер ағылып жатыр. Еурокубокты ағылшын командалары «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» сарапқа салады. Финал 67 мың адам сыятын «Ванда Метрополитано» стадионында өтеді. Алайда Британияның өзінен 80 мың жанкүйер келеді. Олардың 32 мыңы ғана стадионға кіре алады. Сыймай қалған көрермендер Чемпиондар лигасының кубогын тамашалап, суретке түсуге мүмкіндік алды. Матч қарсаңында «Ливерпуль» мен «Реалдың» бұрынғы футболшысы Фернандо Морьентес пен Роберто Солозабаль кубокты Мадрид көшелерімен алып жүрді.

«Ролан Гаррос» турнирі

Қазақстандық теннисшілер үшін жекелей сындағы «Ролан Гаррос» турнирі аяқталды. Соңғы болып Александр Бублик кортқа шықты. Жерлесіміз екінші айналымда австриялық Доминик Тимнен жеңіліп қалды. Есеп – 3:6, 7:6, 3:6, 5:7. Биылғы Франция ашық біріншілігінде Новак Джоковичтің шоқтығы биік. Әлемнің бірінші ракеткасы – құмды корттың королі Рафаэль Надалға лайықты қарсылық көрсететін бірден-бір ойыншы. Сербиялық теннисші екінші кезеңде швейцариялық Генри Лааксоненнің осал тұсын тапты. Есеп – 6:1, 6:4, 6:3. Джокович келесі айналымда италиялық Сальваторе Карузомен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы