389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 100 спорттық сауықтыру нысаны қашан салынады?

  • 277
  • UPD: 20:30, 31.05.2019

Әрбір 100 мыңыншы қазақстандықтың 70 проценті дене шынықтырмайды.

Негізгі екі себеп. Біріншісі – ынтаның аздығы, екіншіден спорттық нысандардың қызметі қымбат. Бұл туралы Сенат қабырғасында өткен үкіметтік сағатта айтылды. Жалпы елімізде Елбасының тапсырмасымен жақын жылдары 100 спорттық сауықтыру нысаны салынуы тиіс. Жоғарғы палата депутаты Бірғаным Әйтімованың айтуынша, 2025 жылға дейін спортпен тұрақты айналысатындардың қатарын 35 процентке арттыру туралы міндет бар. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде құрылысты 45,3-тен 50 процентке жеткізу мақсаты тұр. Бірақ өткен жылы дене шынықтыру нысандарының саны едәуір азайыпты.

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламент Сенатының депутаты

– Елбасы тапсырғандай, елімізде 100 спорттық-сауықтыру нысаны салынуы тиіс. Қарапайым халық, балалар аталған нысандарға еркін барып, дене шынықтырумен айналысуы керек. Мемлекеттік органдар осындай жағдай жасауы тиіс, ал тұрғындар өз денсаулығына мұқият болғаны ләзім.

Хабар 24 телеарнасы