389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанат Ислам Головкиннің салмағына ауысты

  • 677
  • UPD: 21:09, 31.05.2019
Қанат Ислам Головкиннің салмағына ауысты prosports.kz

Танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам рингке оралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 5 шілде күні WBO Intercontinental белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Қанаттың қарсыласы алдағы 10 күннің ішінде анықталады. «Белгілісі WBO тұжырымдамасының «Үздік-15 тігіне» кіретін боксшымен жұдырықтасады», – деді Қанат Исламның промоутерлері. Сондай-ақ Қанат Ислам бұрынғыдай 69 келіде емес, енді 72 келі салмақта бақ сынайтынын айтты.

Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы:

– Бір жыл дәрігерлермен жұмыс істедік. Тағы жеке жаттықтырушыларымыз болды. Барлығы ойдағыдай қазір. Үлкен жаттығудың деңгейін көтеріп жатырмыз.

Қанаттан өзге 5 шілде күні Балуан Шолақ спорт сарайында тағы тоғыз боксшымыз жекпе-жекке шығады. Олардың арасында Мадияр Әшкеев, Руслан Мырсатаев, Абылайхан Құсайыновтар бар. Қанат Исламның промоутерлері Қазақстанда 2-3 ай сайын кәсіпқой бокс кешін өткізуді жоспарлап отыр. Барлық кездесулердің нәтижесі, кәсіпқой боксшылар туралы мәліметтер базасы BoxRec сайтына тіркеледі. Нәтижесінде жігіттер шыңдалып, рейтингтері де артады. «Осылайша бірнеше жылдан соң қазақстандық кәсіпқой боксшылардың жекпе-жектерін халықаралық аренада қымбат бағаға сататын боламыз», – дейді промоутерлер.

Дархан Мұхтарбек, промоутерлік компанияның бас директоры:

– Мексиканың бір боксшысын алып қарайық. Мысалы Канело. Жеңілмеген, рекорды көп. Осы күнге дейін отыз жекпе-жегі Мексикадағы кішкентай ғана аренада өткізілген екен. Ол кәсіпқой деңгейін жоғарылатып алған. Өзінің құнын қымбаттатты.

Хабар 24 телеарнасы