389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанқош Тұраров қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

  • 473
  • UPD: 11:44, 02.06.2019
Жанқош Тұраров қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді Vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров шаршы алаңға оралып, Кардиффте ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен жұдырықтасып, нокаутқа түсірді.

Ол 2 жылға жуық жекпе-жек өткізбеген еді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа созылу керек болған, алайда екінші раундтан кейін шаршы алаңдағы шайқас жалғасқан жоқ. Ричмонд Джарбенг жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, қазасқтандық 28 жастағы боксшы кәсіпқой бокстағы жиырма үшінші жеңісін тойлады. Бірде-бір кездесуде қарсыласына есе жібермеген. Ал ганалық боксшы болса төртінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Жанқош Тұраров MTK Global ұйымдастыруымен алғашқы жекпе-жегін өткізді. Алғаш рет Ұлыбританияда бақ сынады. Осыған дейін отандасымыз АҚШ, Доминикан Республикасы мен Колумбияда кездесу өткізген.

Кардиффтегі бокс кешінде қазақстандық Сұлтан Зауырбек те шаршы алаңға шықты. Никарагуалық Серхио Гонсалесті жекпе-жек аяқталуға 16 секунд қалғанда техникалық нокаутпен жеңді. Жанқош пен Сұлтан келесі жекпе-жектерін 6 шілдеде Нұр-Сұлтанда өткізеді. Басты жекпе-жекте жеңіл салмақта WBC чемпионы Нордин Оубали (15-0, 11 КО) шаршы алаңға шығады. Бұл бокс кешін де MTK Global ұйымдастырады.

Хабар 24 телеарнасы