389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баландин АҚШ-та күміс жүлдеге ие болды

  • 257
Баландин АҚШ-та күміс жүлдеге ие болды Prosports.kz

Қазақстандық Дмитрий Баландин америкалық Индианаполисте өткен FINA Champions Swim Series-тің үшінші кезеңінде 200 метрге брасс әдісімен жүзуден күміс медаль еншіледі.

Олимпиада чемпионы қашықтықты 2 минут, 10,02 секундта жүзіп өтті. Ол жеңімпаз болған ресейлік Антон Чупковтан 1,04 секундқа қалып қойды. Жарыстың қола медалін Нидерланды өкілі Арно Камминга еншіледі. 

Естеріңізге салсақ, Будапештте өткен екінші кезеңде Баландин қола медаль жеңіп алған болатын. 

Ақпарат көзі: Prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы