389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джошуа сенсациялық түрде нокаутпен ұтылды

  • 256
Джошуа сенсациялық түрде нокаутпен ұтылды Prosports.kz

Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында суперауыр салмақта WBA Super, IBO, WBO және IBF титулдары үшін британиялық Энтони Джошуа мен америкалық кіші Энди Руис жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жектің басты оқиғалары үшінші және жетінші раундтарда болды. Үшінші раундта Джошуа қарсыласын нокдаунға жіберген. Алайда Руис қарымта шабуыл жасап, британиялықты екі рет құлатты. Ал жетінші үш минуттықта Руис Джошуаны тағы екі рет нокдаунға жіберген, рефери жекпе-жекті тоқтатып тастады. 

Осылайша, Руис төрт ұйымның тұжырымы бойынша әлемнің жаңа чемпионы атанды. 

Хабар 24 телеарнасы