388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада обырды жеңген балалар арасында бірінші республикалық ойындар өтіп жатыр

  • 329
  • UPD: 17:44, 02.06.2019

Елордада обыр дертін жеңген балалар мен жасөспірімдер арасында бірінші республикалық ойындар өтуде.

Оған еліміздің әр түкпірінен 100-ден аса қатысушы келген. Сайыскерлер ұлттық ғылыми ана мен бала орталығының емделушілері. Емдеу мекемесі балаларды оңалтудың осындай тың түрін ойлап тапқан. Жарысқа қатысушылар арасында бүйрек пен бауырын ауыстырғандар да бар. Ауыр дерттен айыққан чемпиондар футбол, боулинг, оқ ату сынды спорттың алты түрінен бақ сынап жатыр. 

Ләйлә Түсіпбаева, ұлттық ғылыми ана мен бала орталығының сектор меңгерушісі: 

- Жеңілдікке қарамастан бұл балалардың әрқайсысы жақсылап дайындалып келгені белгілі болып тұр. Ынтасымен, ерекше күймен әрбір сайысқа қатысып жатыр.

Роман Титов, жарысқа қатысушы: 

- Мен 14 жасымда қан дертімен ауырдым. Осындай ауқымды жарыстарға бірінші рет қатысып отырмын. Ату спортымен кәсіби болмаса да кішкентайымнан айналысамын. Негізгі жарысқа келерде бәрін жеңемін деп ойлағам. Бірақ олардың тағдыры маған жат емес. Қазір қарсыластарыммен емес, достарыммен үлкен додаға бақ сынап жатырмын.

Хабар 24 телеарнасы