378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ат үстінде садақ атудан әлем чемпионатында бәсеке басым

  • 134
  • UPD: 20:16, 02.06.2019
Ат үстінде садақ атудан әлем чемпионатында бәсеке басым

Елордадағы этноойындар қызып жатыр. Ат үстінде садақ атудан бірінші әлем чемпионатына 24 садақшы қатысуда.

Қазақта күресу, садақ ату, ат құлағында ойнау «жігіттің үш ойыны» саналады. Бірақ өзге мемлекеттер үшін де бұл қасиет жат емес екен. Сайыстың алғашқы қорытындысы бойынша қазақстандықтар мен румындардың мысы басым болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған дейін халықаралық дәрежеде өткен жарыс әлем деңгейіне көтерілген. Қатысушылардың да қарымы арта түскендей. 

Нұркен Байбөриев, жамбы ату спортынан бас төрешінің орынбасары: 

- Осы ат үстінде садақ атумен дәстүрлі түрде, тұрақты түрде айналысып жатқан Оңтүстік Корея мемлекетінің садақшылары және румын спортшылары, Түркия спортшылары жақсы өнер көрсетуде. Ұлттық құрама командадан 6 спортшы қатысып отыр. 6 спортшының аяқ алысы жаман емес.

Хабар 24 телеарнасы