378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күрес түрлерінен елімізде өтетін әлем чемпионатының билеттері сатылып жатыр

  • 122
  • UPD: 20:28, 02.06.2019
Күрес түрлерінен елімізде өтетін әлем чемпионатының билеттері сатылып жатыр

14-22 қыркүйек аралығында күрес түрлерінен Нұр-Сұлтан қаласында өтетін лицензиялық әлем чемпионатының билеттері сатылымға түсті.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды. 

2019 жылдың 14 қыркүйегінде бүкіл әлемдегі күрес жанкүйерлерінің назары Қазақстан астанасына аумақ. Дәл сол күні күрес түрлерінен 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама тарататын лицензиялық әлем біріншілігі басталады.

Төртжылдық додасының жолдамасы үшін әлемнің әр түкпірінен мыңға жуық балуан жиналмақ. Олимпиадалық салмақ дәрежелерінде бірден алтыншы орынға дейінгі аралықта орналасқан балуандар Токио ойындарына тікелей лицензия алады.

Нұр-Сұлтанда күрестің үш түрінен 108 жолдама өз иесін таппақ.

Хабар 24 телеарнасы