389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында таэквондодан жарыс өтті

  • 351
  • UPD: 21:43, 02.06.2019

Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы бейімделген таэквондодан жарыс өтті. Қазастанда тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға түрлі диагнозы бар 40 бала қатысты. "Тең мүмкіндіктер әлемі" қоғамдық қоры ұйымдастырған жарыстың маңызы зор. Жалпы ерекше балғындарды әлеуметтік тұрғыда дамытуға бағытталған мұндай жұмыстар екі жыл бұрын қолға алынған. Әр жаттықтырушы өрендерді ерекшелігіне қарай дайындайды. Ереже де қарапайым: бас-аяғы 2 минутта қолмен, аяқпен дәл соққы тигізіп, қарымын көрсете білгендер жеңімпаз атанды.

Мирас Төлебаев, жаттықтырушы:

- Мықты, сау спортсмендер сияқты сезінсін, адамдарды көрсін, эмоцияларды көрсін. Сол үшін біз осы оқиғаны тарихта қазір істеп жатырмыз бірінші рет. Қазіргі бүкіл Қазақстанда біздің тренерлер танысты сондай жұмыспен.

Хабар 24 телеарнасы