378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин мен Роллс көз арбасқаннан кейін мәлімдеме жасады

  • 161
  • UPD: 09:40, 03.06.2019
Головкин мен Роллс көз арбасқаннан кейін мәлімдеме жасады sports.kz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) көз арбасқаннан кейін желіге суреттерін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Жекпе-жекке дейін алты күн», - деп жазды Роллс Instagram парақшасында.

«Келесі аптада! Кері санауды бастаймыз», - деді Головкин.

Еске сала кетейік, Головкин - Роллс жекпе-жегі 8 маусым (Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусым таңында) Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында болады. Осы кездесу Головкиннің DAZN платформасымен келісімшарты аясындағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Ақпарат көзі: Қазақпарат

Хабар 24 телеарнасы