389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бавария» қорғаушысы «Қара киімділер» фильміне түсті

  • 218
«Бавария» қорғаушысы «Қара киімділер» фильміне түсті Prosports.kz

Мюнхендік «Бавария» мен Германия құрамасының қорғаушысы Джером Боатенг «Қара киімділер»фильмінің төртінші бөліміне түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Неміс футболшысы атақты кинода өзге ғаламшарлықтың рөлін сомдады.

«Мен «Қара киімділер» фильмінің жанкүйерімін. Sony Pictures байланысқа шығып, киноның жаңа бөліміне түсуге ұсыныс тастағанда, қатты қуандым. Бұл ерекше тәжірибе болды», - деді Боатенг.

Хабар 24 телеарнасы