383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық тағы бір спортшы допинг дауына ілікті

  • 142
  • UPD: 21:22, 03.06.2019
Қазақстандық тағы бір спортшы допинг дауына ілікті Prosports.kz

Қазақстан ұлттық антидопинг орталығының хабарлауынша, гимнаст Селина Жұматаеваның қанынан допинг табылып, ол төрт жылға жазаланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спорттан шеттетілу уақыты 2018 жылдың 15 тамызынан бастап саналады. Спортшының қанынан фуросемид табылды. Естеріңізге сала кетсек, Селина Жұматаева – көркем гимнастикадан 2017 жылғы Азия чемпионы. 2014 және 2015 жылдары әлем чемпионатына қатысқан. Сондай-ақ, 2016 жылы FIG Zhuldyz Cup турнирінде топ жарған.

Хабар 24 телеарнасы