389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылғы Олимпиаданың алауын алып өтетін бағыттар таныстырылды

  • 258
  • UPD: 13:10, 04.06.2019
2020 жылғы Олимпиаданың алауын алып өтетін бағыттар таныстырылды

Токиода 2020 жылғы жазғы олимпиада ойындарының алауы өтетін бағыттар таныстырылды.

Сонымен қатар, алау жағылған құтыны көтеріп жүретін еріктілердің де киім үлгісі белгілі болды. Алау эстафетасы 121 күнге созылып, күншығыс елінің 47 өңірін аралап шығады. Ең шеткі нүкте Хоккайдо аралының солтүстігі мен оңтүстік Окинава болмақ. Эстафета Фукусимадағы футбол стадионынан басталып, Токио қаласына 24 шілдеде келеді. Алауды 10 мың ерікті алып жүреді. Олар экологиялық таза киім киеді.

Хабар 24 телеарнасы