389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Айбек Нұғымаровты туған күнімен құттықтады

  • 455
  • UPD: 17:46, 04.06.2019
Мемлекет басшысы Айбек Нұғымаровты туған күнімен құттықтады daynews.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ күресінен төрт дүркін әлем чемпионы Айбек Нұғымаровты туған күнімен құттықтады.

«Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров 3 маусым күні 32-ге толған болатын. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыға құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Президентің құттықтауында «Құрметті Айбек Серікболұлы! Сізді туған күніңізбен құттықтаймын! Елімізде спорт саласының дамуына, оның ішінде қазақ күресінің әлемдік деңгейге көтерілуіне елеулі еңбек сіңіріп, халқымыздың ықыласы мен құрметіне бөленіп келесіз. Алдағы уақытта жоспарлаған арман-мақсаттарыңызға жете беруіңізге тілектестігімді білдіремін. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен бақ-береке тілеймін!» делінген.

Балуан бүгінде кезекті «Қазақстан барысы» республикалық жарысына соңғы дайындығын пысықтауда. Аталмыш дода бірер күннен кейін, дәлірек айтсақ, 8 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетінін еске салайық.

Хабар 24 телеарнасы