389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лука Йович «Реал Мадрид» ойыншысы атанды

  • 160
Лука Йович «Реал Мадрид» ойыншысы атанды

«Реал Мадрид» футбол клубы Лука Йовичті сатып алғанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сербиялық шабуылшы енді «корольдік» клуб сапында 2025 жылға дейін доп тебеді. Йовичті қатарға қосу үшін «Реал» германиялық «Айнтрахт» клубына 65 миллион еуро төледі.

Айта кетейік, 21 жастағы шабуылшы өткен маусымда жалпы 48 ойынға қатысып, 27 гол соқты. Бұның ішінде 17 голды Бундеслигада соққан, деп хабарлайды prosports.kz.

Хабар 24 телеарнасы