389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

  • 319
  • UPD: 16:03, 05.06.2019
Еліміз ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді blogspot.com

Сувада (Фиджи) жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты жалғасуда.

Кезекті жарыс күні қазақстандық Артем Антропов медальмен марапатталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол екінші орынды иеленді. «Күміс» оған 352 (155+197) келі нәтиже әкелді. Сондай-ақ Артем серпе көтеруде «кіші» күміс медальді жеңіп алды.

Жеңіске мысырлық Ашур Әли Ахмед ие болды. Қоссайыс жиынтығында ол 365 (165+200) килограммды көтерді. Қола жүлдені Ресейден келген Артур Бабаян иеленді - 346 (160+186) келі.

Хабар 24 телеарнасы