378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джанни Инфантино FIFA президенттігіне қайта сайланды

  • 134
  • UPD: 23:28, 05.06.2019
Джанни Инфантино FIFA президенттігіне қайта сайланды

Шешімді ФИФА конгресінің делегаттары қабылдады.

Мұның алдында олар ұйым кеңесінің қағаз түрінде дауыс беруден бас тарту ұсынысын қолдап, Инфантиноны аккламация жолымен қайта сайлады - оның кандидатурасын қошеметпен қолдады.

Инфантино ФИФА басшысы лауазымына жалғыз үміткер болды. Сайлау баламасыз негізде өтті. Инфантино ұйымды 2016 жылдың ақпанынан бастап Йозеф Блаттер кеткелі басқарады.

Конгреске Қазақстан футбол федерациясының басшылығы да қатысты.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы