384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» ХК қорғаушы Джесси Блэкермен келісімшартын ұзартты

  • 218
  • UPD: 15:31, 06.06.2019
«Барыс» ХК қорғаушы Джесси Блэкермен келісімшартын ұзартты Sports.kz

Канадалық ойыншы елорда командасының сапында 2021 жылға дейін қалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттар лигасы: Португалия – Швейцария – 3:1

Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының финалына шықты. Жартылай финалда Фернанду Сантуш шәкірттері Швейцариядан 3:1 есебімен басым түсті. Алаң иелері сапынан үш голды да Роналду соқты. «Ювентус» шабуылшысы 25-минутта айып соққысын әдемі теуіп, есеп ашты. Үзілістен кейін Рикардо Родригес пенальтиден таразы басын теңестірген. Алайда матчтың негізгі уақыты аяқталуға екі минут қалғанда Роналду белсеніп, екі мәрте мергендік танытты. Футболшы Португалия құрамасы сапындағы алтыншы хет-тригін жасады.

Ұлттар лигасы: бүгін Голландия – Англия кездесуі

Ұлттар лигасының жартылай финалдағы екінші ойыны бүгін өтеді. Голландия мен Англия Португалияның Гимарайнш қаласында алаңға шығады. Жалпы, осы турнирде жеңіске жеткен команда 10 жарым миллион еуро сыйақы алады. Сондықтан қарсыластар жасыл алаңда аянып қалмасы анық. Екі команданың да құрамы мықты. Соңғы жылдары ірі жарыстардан сырт қалған Нидерланды футболшылары сол олқылықтың орнын толтыруды көздейді. Жеңген команда Португалиямен бас жүлдені сарапқа салса, ұтылғаны Швейцариямен үшінші орынға таласады.

«Ролан Гаррос» турнирі

Парижде жауған қалың жауыннан кейін «Ролан Гаррос» турниріндегі екі ойын кейінге шегерілді. Бүгін ерлер арасындағы жекелей сында жартылай финалистер анықталуы тиіс. Бұған дейін Рафаэль Надаль мен Роджер Федерер келесі кезеңге шыққаны белгілі. Теннис әлеміндегі екі мықты өзара финалдық жолдаманы сарапқа салады. Бүгін әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович неміс Александр Зверевпен кездеседі. Ресейлік Карен Хачанов австриялық Доминик Тиммен ойнайды.

Баскетболға қызығатын балалар көп

Елордада 4 мыңнан аса бала баскетболмен айналысады. Қазір баскетбол академиясының балалары Назарбаев университетіндегі спорт кешенінде жаттығып жүр. Алайда соңғы кездері үйірмеге келушілер қатары күрт артты. Сондықтан бұл залдың өзі баскетболды серік еткендерге таршылық ете бастады. Сыймаған балалардың біразы қаладағы орта мектептің спорт залдарында дайындалады. Бірақ оларда арнайы баскетбол паркеті жоқ.

Валерий Тихоненко, «Астана» БК бас менеджері:

- Баскетболға келіп жатқан балалар көп. «Астана» баскетбол командасының соңғы уақыттағы нәтижесінен кейін осы спорт түріне деген қызығушылық артты. Ұлттық құраманың да жетістіктері әсер етіп жатыр. Енді баскетболдың өз үйі болғанын қалаймыз. Себебі елордада кез келген спорт түрінің жеке спорт кешені бар.

Олимпиада ойындарының чемпионы елордада баскетбол базасының болғанын армандайды. Тихоненконың айтуынша, балалар жаттығуына тағы 4 зал болса жеткілікті. Қазір елордадағы баскетбол академиясында 300-ден аса жеткіншек тегін жаттығады. Оларға төрт бапкер тәлім береді.   

Жанәмір Қайратұлы, Баскетбол академиясының ойыншысы:

- Өзім баскетболға 11 жасымнан бастап ойнадым. 2017 жылы осы үйірмеге келгенмін. Баскетбол мен үшін өте маңызды. Өйткені өзім басында баскетболға барғым келмеген. Мені әкем осы жаққа жазған. Одан кейін мен осы ойынға қызықтым.

Қазір елімізде Junior NBA лигасы бар. Бұл жарыс екі жыл бұрын АҚШ-тың ұлттық баскетбол қауымдастығымен арадағы әріптестік байланыс арқылы пайда болды. Оқушылар турниріне алты қаланың балалары қатысады. Сонымен қатар студенттер лигасы да бар.

Хабар 24 телеарнасы