379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WTA «Ай жаңалығы» номинациясы бойынша жеңімпазды анықтады

  • 135
  • UPD: 11:56, 06.06.2019
WTA «Ай жаңалығы» номинациясы бойынша жеңімпазды анықтады

Мамыр айында «Ай жаңалығы» номинациясын чехиялық теннисші Маркет Вондроушова жеңіп алды.

Екінші орын Мадридте (Испания) өткен турнирдің жеңімпазы Нидерланды спортшысы Кики Бертенске бұйырды. Бір қызығы, дауыс беру бойынша голландиялық қыз айдың үздік теннисшісі атанғанымен, алайда «Ай жаңалығы» номинациясын ала алмады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша, үшінші орынға Юлия Путинцева жайғасты. Мамыр айында Юлия өзінің алғашқы олжасын жеңіп алды. Ол Нюрнбергтегі (Германия) турнирді бағындырған болатын. Төртінші орынды Страсбургтегі турнирдің жартылай финалына дейін барған француз қызы Хлоэ Паке жеңіп алды.

Вондроушова болса мамыр айында бірде-бір турнирді жеңген емес. Оның ең үздік жетістігі – Римдегі (Италия) «Премьердің» ширек финалы. Жанкүйерлердің чехиялық теннисшіні таңдауының себебі – оның «Ролан Гарроста» сәтті өнер көрсетуі. Ол Францияның ашық чемпионатының жартылай финалына шықты. Онда ұлыбританиялық Йоханна Контамен кездесетін болады, деп хабарлайды olympic.kz.

Хабар 24 телеарнасы