389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


8 маусымда қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» анықталады

  • 461
  • UPD: 11:39, 07.06.2019

Ертең елордадағы «Барыс-аренада» қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» анықталады.

Еліміздің әр өңірінен үздік шыққан 33 түйе балуан 25 миллион теңге мен алтын тайтұяққа таласады. Жарыс алдында білекті жігіттер салмақ өлшеу рәсіміне қатысты. Шығыс Қазақстандық Ерасыл Қажыбаевтың салмағы 151 келі тартып, «барыстар» арасындағы ең ауыры атанды. Ең жеңіл балуан Батыс Қазақстандық Ерназар Хамзиннің салмағы 90 келіні көрсетті. Алайда күш атасын танымайды. Боз кілемде бабы мен бағы қатар шапқандар олжа салады.

Руслан Әбдіразақов, «Қазақстан Барысы» турнирінің екі дүркін жүлдегері:

- Польша елінде оқу-жаттығуда болып келдік. Халықаралық қазақ күресі федерациясымен бірге. Ол жерде еуропалық балуандармен алты мемлекеттен балуандар болды, солармен оқу-жаттығу жиынын өткізіп, өте жақсы дайындықта болдық.

Хабар 24 телеарнасы