389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем чемпионатында екінші алтын қоржынымызға түсті

  • 340
Әлем чемпионатында екінші алтын қоржынымызға түсті

Фиджи астанасы Сува қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Дарья Ахмерова алтын медаль жеңіп алды. 

87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 236 (103+133) кг зілтемірді көтерді. Бұдан бөлек, Дарья жұлқи көтеруден де, серпе көтеруден де «кіші» алтын медальды иеленді, деп жазады prosports.kz.

Бұл 20 жастағы жас спортшы үшін алғашқы халықаралық турнир болатын. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Андрей Антропов күміс, Карина Құзғанбаева алтын жүлде жеңіп алған еді. 

Хабар 24 телеарнасы