389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ертіс» жаңа бапкерін ресми таныстырды

  • 257
  • UPD: 23:32, 07.06.2019
«Ертіс» жаңа бапкерін ресми таныстырды Обозрение недели

Павлодардың «Ертісі» ресми түрде Милан Милановичпен еңбек келісімін жасасқандығы жайлы мәлімдеді.

56 жастағы сербиялық маман команданың бас бапкері қызметіне тағайындалды. Келісімшарт ағымдағы футбол маусымының соңына дейін қарастырылған және ол ұзартылуы мүмкін. 

Жаңа жаттықтырушы осыған дейін Фарер аралдарының «ВБ Вагур», «Твёройри», сербиялық «Нови Пазар», «Колубара», «Хайдук», «Земун», «Рад», «Раднички», ОФК, босниялық «Лакташи» және қазақстандық футболсүйер қауымға жақсы таныс молдавиялық «Шериф» командаларын баптаған еді.

Сонымен қатар Сербия жасөспірімдер және жастар құрамаларында да қызмет еткен. 2013 жылы, «Нови Пазар» ФК бас бапкері бола тұра Сербия чемпионатының үздік жаттықтырушысы атанған, деп жазады prosports.kz. 

Хабар 24 телеарнасы